Жамбыл облысында Шекара қызметі департаменті офицерінің өлімінің мән-жайы анықталу үстінде. Әскери қызметкердің өлімі Қордай ауданындағы облыстық ауруханада тіркелген. ҰҚК-нің ресми сайты бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаның әскери қызметкердің қызметіне қатысы бар-жоғын анықтауды сұрайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің өлімі оқиға орын алғаннан бір күннен кейін расталды. ҰҚК мәлімдемесінде, 2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болғаны және өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталғаны айтылған.
Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда.
Айта кетейік, кейбір БАҚ беттерінде офицер қайтыс болған күні іссапармен келген шекара бөлімінің жоғары шенді офицерімен жанжалдасып қалғаны туралы ақпарат жарияланған. Соңы төбелеспен аяқталғаны айтылған. Ресми түрде бұл ақпарат әлі расталған жоқ, бірақ жоққа да шығармайды.
Азат Үмбетуланың туыстары марқұмның шынымен де қызметтік бабымен заставада болғанын айтып, қылмыскерлерді табуды сұрап жатыр.