$ 443.35  475.54  4.82

Еліміздің ұлттық құрамасы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады

Шахматшы қыздарымыз Олимпиаданы сәтті бастап, Гватемала құрамасын жеңді.

Қазақстандық шахматшылар Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sports.kz басылымы.

Басылымның хабарлауынша, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева және Назерке Нұрғали өнер көрсететін Қазақстан әйелдер құрамасы Гватемала құрамасын 4:0 есебімен ұтқан.

Екінші турда біздің қыздар Бельгия құрамасымен кездеседі. 

Құрамында Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Мұртас Қажағалеев, Арыстанбек Уразаев және Қазыбек Нөгербек бар ерлер құрамасы Қытайдың Тайпей командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен. 

Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстан шахматшыларымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары