$ 444.32  473.33  4.76

Дәретханаға сұранып кеткен: Степногорскте сарбаз асылып қалған күйі табылды

1995 жылы туған қатардағы жауынгер Оразбай Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі Панфилов басқармасынан 2021 жылдың күзінде шақырылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Степногорск қаласындағы әскери бөлімде Ұлттық ұланның әскери қызметкері асылып қалған жерінен табылды,  деп хабарлайды Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

"29 шілдеде сағат 21.00 шамасында автопаркте кезекші қызметін атқарып жүрген мерзімді қызметтегі қатардағы сарбаз Уразбай Н.А. кезекшіден дәретханаға баруға сұранған. Біраз уақыттан кейін ол автопарк қоймасында асылып қалған жерінен табылды", – делінген хабарламада.

Автопарк кезекші қызметі дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткенін, одан кейін сарбаз жедел жәрдеммен Степногорск қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілгені хабарланды. Алайда қатардағы жауынгердің қазасы анықталған.

1995 жылы туған қатардағы жауынгер Оразбай Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі Панфилов басқармасынан 2021 жылдың күзінде шақырылған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қызметтік тергеу деректері жария етуге жатпайды.

"Орталық" өңірлік қолбасшылығы мен Ұлттық ұланның әскери бөлімі қаза болған сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – деді баспасөз қызметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары