$ 498.34  519.72  4.85

Түркияда тұрғындар мысықты басып, өлтіріп қойған ресейлікті елден шығаруды талап етуде

Ресейлік азамат қызына климатты өзгертуге кеңес берген дәрігерлердің ұсынысымен бірнеше жыл бұрын Түркияға көшіп келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркияның Алания қаласындағы Махмутлар ауданының тұрғындары көше бойында мысықты басып кеткен ресейлік Станислав Кадниковты елден депортациялауды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Mash Телеграм арнасы мәліметінше, ер адам үй жануарын байқамағанын айтқа. Бірақ жергілікті тұрғындар бұған сенбейді. Олар күн сайын оның үйінің жанында жиналып, наразылық акцияларын ұйымдастыруда.

Ресейлік азамат қызына климатты өзгертуге кеңес берген дәрігерлердің ұсынысымен бірнеше жыл бұрын Түркияға көшіп келген.

24 маусымда Станислав үйіне қайтып келе жатып, тұрғын үй кешенінің аумағына келе жатып, ұйықтап жатқан мысықты басып өткен. Жануардың азапталып өлгені бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көп ұзамай жазба әлеуметтік желіге таралып, орыстың өмірінің астан-кестеңі шыққан.

Кадников сөзінше, көршісі Ғалияның бастамасымен оны қудалай бастаған. Айтуынша, әйел бұған дейін жұртты қорқытқан, енді өзіне ауысқан. Соған қарамастан, адамдар оны қанішер деп атап, үйінің терезесінің алдында плакаттар көтеріп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары