Шымкентте жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға кеше түскі сағат 15:36-да шамасында болған. Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында «Газель» жүк көлігі өртке оранған. Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.
«Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды» делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.