Жаңалықтар 31.07.2022 сағат 10:22

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген.

Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті. Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді. Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар