$ 444.32  473.33  4.76

Айгүл Орынбек Жетісу облысындағы жағдай туралы: «Өз жігіттеріміз де жетерлік, қыздарымызды қорлап, зорлап жатқан»

"Иттердің құқығын қорғауды емес, ең бірінші әйел адамдардың құқығын қорғауды басты орынға қоятын уақыт келді", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Жетісу облысында жасөспірім қызды зорлап, кейін денесін өртеп жіберген жағдай туралы өз ойын айтты.

Бұл туралы Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Министр Ахметжанов мырза өзімізді қорғау үшін қалтамызға суық қару алып жүруіміз керек пе?!

Біздің мемлекетті қауіпті елдің қатарына қосып қою керек!
Қыз баласы көшеге шығып емін-еркін жүре алмайтын жағдайға жеттік.
Соңғы айда Шымкентте лифтіде балалы әйелге, көшеде қолына пышақ ұстаған жігіт қызға шабуылдағанына куә болдық. Ал күні кеше Алматыда екі жігіт қызды еркінен тыс мола жаққа алып барып зорламақшы болғанын да көрдік.

Заң әділ жүрмейтін елде қылмыс осылай ашық жасалады. Себебі қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін ақша беріп құтылып кететінін біледі. Яғни өзінің жазаланбайтынын білген адам еркін қимылдайды.

Шымкентте көшеде пышақпен қорқытып зорламақшы болды деп арыз жазып барған қызға, полицейлер өзің кінәлісің қысқа шорти киген деп өзіне айып таққан.

Қаншама зорлық-зомбылық істерімен жүрмін, көбінесе зорлық көрген қыздарды кінәлап жатады. Он бес жасар қызды зорлаған қылмыскер одан алдын да қыз зорлап, үлгілі тәртібі үшін түрмеден босатылған екен. Тіпті екінші рет зорлаған қызға қамалып кетпес үшін үйленген деген ақпаратты оқып таңқалғаным жоқ. Себебі Осының бәріне жол беретін біздің құзырлы органдар екенін де жақсы білем, практикамда кездескен! Әсіресе қыз арыз жазып барса, полиция қызметкерлері жігіттің өмірін құртасың екеуің қосыла салыңдар, қыздығың орнына келмейді дегендерді де өз көзіммен көргем! Қылмыскерде ұлт болмайды! Оның ұлтын айтып, өздеріңнің намыстарыңды оятпай ақ қойыңдар! Қылмыскерлерді тайраңдатып қоятын жүйені реформалауды анау ұйықтап отырған үкіметтен талап етіңдер!

Өз жігітерімізде жетерлік қыздарымызды қорлап, зорлап жатқан! Тіпті аяғының астына салып теуіп жатқан! Иттердің құқығын қорғауды емес, ең бірінші әйел адамдардың құқығын қорғауды басты орынға қоятын уақыт келді", - деп жазды Айгүл Орынбек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары