$ 443.85  474.3  4.8

Камил Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Бұл – Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы бесінші жүлдесі.

 Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық балуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесті. Нәтижесінде қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті. Ол бұған дейін 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллиді орта жолда қалдырып кеткен болатын. Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, кеше ел құрамасынан Дарын Әскербек чемпион атағын жеңіп алды. Ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тізе бүктіріп, жеңімпаз тұғырына көтерілді. Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр.

Бұл – Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы бесінші жүлдесі. Осыған дейін Дарын Әскербек алтын жүлде, Арсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстік қола жүлдеге ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары