$ 494.87  520.65  4.91

Шекарадан заңсыз 28 тонна мұнай өткізбек болған ресейлік ұсталды

Қазақ-ресей шекарасындағы «Ақсай» (Батыс Қазақстан облысы) өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі мәлімдегендей, аталған азамат «MAN» автокөлігімен Ресейден Қазақстанға заңсыз жолмен 28 тонна шикімұнайды алып өтуге тырысқаны анықталды. Тексере келгенде оның қолында аталған жүкке сәйкес келетін құжат болмай шықты. Ұсталған азамат пен жүк Батыс Қазақстан облысының қаржы полициясына берілді.

Сонымен қатар, «Жаңажол» шекаралық бақылау бекетінің бақылаушылары (Солтүстік Қазақстан облысы) «Скания» автокөлігімен 40 000 литр пешке жағатын отынды заңсыз жолмен біздің елімізден Ресейге өткізбек болған 50 жастағы Ресей азаматын ұстаған болатын.

«Тексере келгенде машинадағы бензин жанармайының құжаттары пешке жағатын отын ретінде толтырылғандығы анықталды. Сараптама жүргізу үшін ұсталған жүк Қаржы полициясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне берілді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары