Мұсылман құқық қорғаушылары Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа ІІМ құрылымдарында әйелдер полициясын құруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қазақстан мұсылмандары одағы мен Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі мұсылмандық комитетіне қазақстандық полиция қызметкерлерінің үстінен көптеген арыз келіп түсуде. Онда негізінен полиция өкілдерінің әйел азаматтарды ұстау кезінде тым дөрекілікке жол беретіндері айтылған. Осыған байланысты ІІМ құрылымдарында әйелдер полициясын құруды ұсынылып отыр.
«Қазіргі тәжірибеде әйелдерді ұстау барысында полицей-ер адам физикалық қарым-қатынасқа барады. Бұған жол берілмеу керек. Бұл моральға қайшы келеді және оны қылмыстық іс деп қарау керек. Бұл жағдайда әйел азамат полиция өкілін қызмет міндетін атқарып жүрсе де жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айыптауға толық құқылы», делінген Қазақстан мұсылмандары одағының хабарламасында.
Хабарламада айтылғандай, өкінішке қарай, бүгінде ұстау, қамау және тергеу барысында құқық қорғау органдары өкілдерінің қызметтік дәрежесін пайдалана отырып шынымен де аталған жағдайларға жол беретін жайттары аз емес.
Айта кету керек, әйелдер полициясын құру тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде таралған. Соның арқасында жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу қылмысынан арылуға мүмкіндік бермек.