02.08.2022, 11:40

Маңғыстауда ҚТЖ қызметкерлері ереуілге шықты

Бастамашыл топ жалақыны 100%-ға көтеру туралы талаптарын қойған. Алайда компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды.

Маңғыстауда ҚТЖ қызметкерлері ереуіл жариялады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. «2022 жылдың 1 тамызында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері ереуіл жариялады», - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Бастамашыл топ жалақыны 100%-ға көтеру туралы талаптарын қойған. Алайда компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды.

Бұған дейін, ақпан айынан бастап Компания ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) мәселелерін шешумен айналысуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талаптарын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды. Теміржол штаттық режимде жұмыс жасап тұр.