Бюджеттік бағдарлама жобасында мемлекеттік және еліміздегі этностардың тілін дамытуға 2,5 млрд теңге бөлу қажеттігі айтылған.
Мемлекеттік және еліміздегі өзге этностардың тілін дамыту жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар (мың теңгемен): 2021 жылы – 380 795, 2022 жылы – 820 554, 2023 жылы – 442 318, 2024 жылы – 443 995, 2025 жылы – 446 538.
Сипаттамасында «Тіл саясаты комитетінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға арналған шығыстар» деп көрсетілген. Мақсаты: «Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту».
Ал тапсырмасында «құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлемі 2023 жылы – 80,5%, 2024 жылы – 81%, 2025 жылы – 81,5%» деп көрсетілген.