Жаңалықтар 03.08.2022 сағат 22:00

Павлодар облысында соттың екі ғимаратына «мина қойылды» деген хабар түсті

Адамдар эвакуацияланды. Ғимараттар тексеріліп жатыр.
Павлодар облысында соттың екі ғимаратына «мина қойылды» деген хабар түсті
фото: ҚазТАГ

Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 14:53-те Павлодар облыстық және Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық пошталарына ғимараттарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство атап өткендей, оқиға орнына дереу барлық шұғыл ден қою күштері жеткен.

«Адамдар эвакуацияланды. Саперлер жұмыс істеп жатыр, ғимараттар тексеріледі», - деп толықтырды органнан.
 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар