Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 14:53-те Павлодар облыстық және Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық пошталарына ғимараттарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство атап өткендей, оқиға орнына дереу барлық шұғыл ден қою күштері жеткен.
«Адамдар эвакуацияланды. Саперлер жұмыс істеп жатыр, ғимараттар тексеріледі», - деп толықтырды органнан.