Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында шошқа етін өндіретін кешен салынады. «Eco Meat Vostok Ltd» жеке компаниясы Ұлан ауданында селекциялық-гибридтік орталық салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды altaynews порталы.
Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев шошқа етін өндірудің толық технологиялық циклі бар өнеркәсіптік өндіріс кешенін салуға қатысты тиісті органдардың рұқсаты бар екенін атап өтті.
"Осыған дейін жергілікті тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырылып, қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Көбі қарсылық білдірген жоқ. Жоба іске асып, кейін жұмыс орындары ашылып, болашақта аудан экономикасына пайдасын тигізіп жатса, неге бұл істі ұолға алмасқа?" - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.