04.08.2022, 10:40

Досын көп қабаттың үйдің балконынан итеріп жіберген

Фото: ашық дереккөз
Екі дос ішімдік ішіп отырып, төбелесіп қалған.

Степногорск қаласының тұрғыны досымен сөзге келіп, оны екінші қабаттың балконынан итеріп жіберген. Ер адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі дос ішімдік ішіп отырып, төбелесіп қалған. Жергілікті полиция басқармасына үйлердің бірінің ауласында жанжал болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспектор жіберілді.

"Алғашқы материалдарды жинау кезінде 1965 және 1986 жылы туған екі азаматтың алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ер адамдар арасында жанжал туындап, 36 жастағы ер адам өзінің досын екінші қабаттың балконынан итеріп жіберген", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 107-бабының бірінші бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шегуші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.