$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда теміржолшылардың әйелдері Тоқаевқа жүгінді

Олар заң аясында күйеулерінің жалақысын 100%-ға ұлғайтуын сұрайды.

Маңғыстауда теміржолшылардың әйелдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлады «Лада».

«Заң аясында күйеулеріміздің жалақысын 100% көтеруіңізді сұраймыз. Сонымен қатар біз басшылық тарапынан күйеулерімізді қыспаққа алу болмауын талап етеміз», - деген видеодағы әйелдер.

Хабарда аталып өткендей, ол әйелдердің күйеулері Бейнеу мен Сайөтес ауылдарын қосатын жол бөлігінде жұмыс істейді екен.

Теміржолшылардың әйелдері мен балалары облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа, премьер-министр Әлихан Смаиловқа, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевқа және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары