05.08.2022, 00:20

Жүрсін Ерман шетелдік құдасына шапан жауып, ат мінгізді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстанға қыдырып келген еді.

Белгілі ақын Жүрсін Ерманның құдасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус шапан киіп, ат мінді. Оған мұндай құрметті қазақстандық туыстары көрсеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстанға қыдырып келген Тедрос Адханом Гебрейесустың қазақи шапан киіп, атқа мінген видеосы ғаламторда тарады. Онда тау бөктерінде мерекелік кештің өтіп жатқанын байқауға болады.

Шетелдік қонаққа домбырашылар күй тартып, шабандоздар ат үстінде түрлі өнерлерін көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, ДДСҰ басшысының ұлы Жүрсін Ерманның туған жиенін алған болатын.