$ 494.87  520.65  4.91

«Елестері көрінеді»: Қызылорда облысында адам сүйектері шашылып жатыр

Жұрттың айтуынша, құм арасында шашылып жатқан адам сүйектері жиі ұшырасады.

Қызылорда облысында шашылған адам сүйектері жұрттың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Құмгүл ауылының маңындағы шашылған сүйектерді тұрғындардың бірі байқаған.

Жұрттың айтуынша, құм арасында шашылып жатқан адам сүйектері жиі ұшырасады. Бұл маңда ескі қорымның орны болған. Алайда көшкен құм оларды жауып тастаған.

Қайбір жылдары металл іздеушілер осы маңды қазып, кейін ашылған қабірлерді дұрыс жаппай кеткен. Жаңбыр жауғанда топырақты ағызып әкетіп, мүрделер ашық қалған. Соның салдарынан сүйектер әрбір жерде шашылып жатыр.

Бұларды жинап, бір жерге апарып көмеміз. Қабірде кімдер жерленгені белгісіз. Себебі, бұл қорым ауылдан қашық әрі басында еш белгі жоқ, — дейді ауыл тұрғындары.

Ескі қорымды аударғандардың неліктен бұлай істегені де түсірніксіз. Олар ескертусіз келіп, ешкімге білдірмей қабірді қазған болуы мүмкін. Ал оның салдарын ауылдықтар тартып отыр. Тіпті Құмкөлдіктер бұл маңнан адамның елесін көргенін де айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары