$ 494.87  520.65  4.91

Журналистке «Мен қайдан білейін?» деген ауыл әкімінің сұхбаты әлеуметтік желіде талқыға түсті

«Сұрақ қойма, мен жауап беремін, болды. Келістік пе? Бірінші рет сұхбат беріп тұрмын», - деп жауап берген әкім.

Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округі әкімі Майра Жәкімсалованың сұхбатының үзіндісі таралып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жарияланған видео үзіндіде әкім мен журналист 500 гектар жер жетпейтіні туралы мәселені талқылап жатқаны көрінеді.

Журналист: «Бұл қалай анықталды?» деп сұраған.

Әкім: «Халық жүгінді... Бұл қалай анықталды? Бұл қалай анықталғанын қайдан білейін?», - деп жауап берген.

– 500 гектар жер жетпеді деп тұрсыз ғой, - деп жалғастырады журналист.

– Сұрақ қойма, мен жауап беремін, болды. Келістік пе? Бірінші рет сұхбат беріп тұрмын,  деп жауап берді әкім.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінген: кейбіреулер әкімнің "шынайылығы" мен эмоциясын әзілмен қабылдаса, енді біреулер округ басшысы сұхбат бере алуы әрі тілшілермен сөйлескенде эмоцияға жол бермеуі керегін жеткізген.

Майра Жәкімсалова видеоны блогер, оқушысы әрі әріптесі Тимур Жұманов жариялағанын айтты.

«Ол келіп, ескертпей жұмыс барысын түсірді, монтажын жасады, жариялады, пиар жасауды ұйғарды. Бұл сұраққа шынында да дайын емес едім. Ол дұрыс істемеді. Бірақ мен үшін бұл сабақ болды», - деп түсіндірді ол.

Округ басшысы бұл жағдайға байланысты қатты алаңдайтынын мойындады.

«Екі күн жыладым. Өз халқыма адал қызмет етемін, кейде денсаулығыма да қарамаймын. Оны жұмысым көрсетеді. Facebook-те де тұрғындар менің жағымда. Алайда әлеуметтік желілерде "лауазымды сатып алғанымды", "біреудің қызы" деп жазатындар бар. Бірақ мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Сұхбат үзіндісіне келетін болсақ, жайылым жер қатынастары бөлімінің құзыретіне жатады. Қалай болғанда да, өзімді ақтамаймын», - деп қорытындылады Жәкімсалова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары