$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында наразылыққа шыққан ауыл тұрғындары тас жолды жауып тастады

Жамбыл ауылының тұрғындары республикалық маңызы бар көшенің көп жылдан бері жөнделмегеніне наразы.

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары наразылыққа шығып, республикалық маңызы бар тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл ауылы «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытының бойында орналасқан. Бұл жерден күніне жүздеген жеңіл және жүк көліктері өтеді. Тұрғындардың айтуынша, Бейбітшілік көшесі көп жылдан бері жөндеу көрмеген. Көктем мен күзде бұл жерден өту мүмкін емес. Жедел жәрдем де, такси жүргізушілері де жете алмайды.

«Жолдың нашарлығынан өзімізге де, балаларға да бірнеше рет аяқ киім сатып алуға мәжбүрміз. Әкімдік әрекет жасамайды. Ал бұл наразылық белгісі жергілікті билікке ескерту!» ​​- дейді ауыл тұрғындары.

Жамбыл ауылының әкімдігі көше жөндеу жобасының дайын екенін хабарлады. Алайда бұған қаржы әлі бөлінбеген көрінеді. Ал ауыл тұрғындары көшені оқу жылы басталмай тұрып жөндеуді талап етіп жатыр. Әйтпесе «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытын күні бойы жауып тастамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары