$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда белгілі блогерді пайдаланып «науқас» баланың еміне ақша жинаған алаяқтар ұсталды

22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Алматыда «науқас» баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz таратқан мәліметке сілтеме жасап Alataunews.kz хабарлайды.

22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Оқиға белгілі блогердің алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арыздануынан басталған. Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрап, қолдан жасалған құжаттарды көрсетіп, блогерді парақшасына пост жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, белсенді түрде қаражат аудара бастаған.

«Бұл қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар – Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алу күні қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды», – деді Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан және бұрын ұрлық әрекеті үшін жауапқа тартылған. Ал оның жанындағы құрбысы маникюр жасау маманы. Қазір тергеушілер олардың алаяқтық әрекеттеріне ұқсас жағдайларды анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары