$ 446.49  475.38  4.79

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Президенттің құттықтауы әлеуметтік желі арқылы тарады.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

«Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бибісара блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті.

Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары