$ 494.87  520.65  4.91

Нэнси Пелосидің Тайванға сапарынан iPhone 14 зиян шегуі мүмкін

Apple қазірдің өзінде тайвандық серіктестерімен "Тайванда жасалған" немесе "Қытай Республикасы" деген барлық жазуларды алып тастауды немесе оны мүлде жоюды сұрап, келіссөздер жүргізе бастады.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидің Тайванға сапарынан кейін Қытай наразылық білдірді, ал экс-президент Трамп бұл шиеленіс ІІІ-ші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соғуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пелосидің Тайванға сапары Қытай-Тайвань қатынастарын одан әрі ушықтыра түсті. Осы жайтқа байланысты Қытай билігі жөнелтілетін тауар құжаттарында "Тайвань" немесе "Қытай Республикасы" деген кез-келген жазуға тыйым салатын жаңа ережелер түзді. Бұл туралы GSM Arena жазады.

Ал бұл дегеніміз, электрониканың бір бөлігі және мүмкін барлық жабдықтар Тайванға кері қайтарылуын білдіруі мүмкін, салдарынан iPhone 14-ті айналымға шығару мерзімі кейінге шегеріледі.

Apple үшін тағы бір жағымсыз жайт - Pegatron вице-төрағасы және TSMC топ-менеджерлері Нэнси Пелосидің жанынан төбе көрсетуі. Бұл Apple және басқа да америкалық компаниялардың қатысуындағы Қытай мен Тайвань арасындағы қырғын сауда соғысының бастауы болуы мүмкін.

Apple қазірдің өзінде тайвандық серіктестерімен "Тайванда жасалған" немесе "Қытай Республикасы" деген барлық жазуларды алып тастауды немесе оны мүлде жоюды сұрап, келіссөздер жүргізе бастады.

Сонымен қатар, TF International Securities кеңесшісі Минг-Чи Куо 6,1 дюймдік iPhone 14-тің бір бөлігі енді Үндістанның Foxconn зауытында жасап шығарылатынын мәлімдеді. Осылайша Apple алғаш рет өз өндірісін әртараптандыруға шындап кірісті.

IPhone 14-тің тұсаукесері осы жылдың қыркүйегінде болады деп күтілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары