$ 445.66  474.58  4.78

Тергеу изоляторында қайтыс болған генерал-майордың өлер алдында жазған хаты жарияланды

Хатта марқұм өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол пен өзіне арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.

Белгілі журналист Михаил Козачков генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазып кеткен хатын жариялады. Бұл туралы ол Телеграм-арнасындағы парақшасында хабарлады.

Хатта марқұм өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол пен өзіне арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 7 тамызда генерал-майор Жайлаубек Халықұлының тергеу изоляторында өлі табылғанын хабарлады.

Таңғы сағат 7-лер шамасында қамауға алынған Ж.Халықұлын қарауыл инспекторы тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады,- делінген мәлімдемеде.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ІІД басшылығы келгені нақтылануда. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта ішкі аудит жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Антикор генерал-майорды жемқорлыққа жол берді деп айыптап, 23 мамыр күні ұстаған екен. Сол кезден бері жоғары шенді офицер қамауда болғанға ұқсайды. Ол «К» есімді азаматтан қылмыстық істі тоқтату үшін пара алды деп айыпталған екен.

Марқұм болған Жайлаубек Халықұлы 2009 — 2016 жылдар аралығында Алматы және Ақмола облыстары полиция департаменттеріне басшылық еткен екен. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары