$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында көлік апатынан бес адам мерт болды

Тағы үш кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауруханасына түсті.

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды. Тағы үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«6-шілде күні сағат 20:40 шамасында «Ауди» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Рено» көлігіне соғылған. Салдарынан 5 адам мерт болды. Тағы үш кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауруханасына түсті. Аталған факті ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігіне сәйкес тергелуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік көлік апаты Алматы-Көкпекті-Көктал тасжолының 181-ші шақырымында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары