$ 443.37  474.49  4.83

«Қалаулым» мұсылманның баратын жері емес» - исламтанушы

Әдейі, діндегілер де бағдарламаға қатысып отыр деген сияқты, көрсетіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Орамал тағу, әурет жерін жабу - мұсылман әйелге парыз етілген. Қазіргі таңда орамалды бір шешіп, бір тағып жүргендер саны қаншама. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Әлеуметтік желіде орамал тағып, оны қорлап жүретіндер үшін исламтанушы, ұстаз Нұралы Бақытұлы ашық түсіндірме берді

«Хиджабты қорлау - дінге күйе жағу болып есептеледі. Сондықтан, «Қалаулым» мұсылманның баратын жері емес. Әдейі, діндегілер де бағдарламаға қатысып отыр деген сияқты, көрсетіп жатыр. Және шыққаннан кейін хиджабын шешіп лақтырып кетіп жатыр. Алла сақтасын! Бұл дінмен ойнау болып есептеледі.  Ал, дінмен ойнау дінімізде шариғаттан шығарып жіберетін істерді айтады. Сондықтан да, құрметті қарындастарымыз! Немен ойнасаң да, дінмен ойнама! Бұл хиджаб құранда айтылғандығы себепті, бұл ойнайтын нәрсе емес! Алла сақтасын! Ал, бұл нәрсені істеп жүрген адам үлкен күнәхар болады. Алланың алдында жауап береді. Хиджабты мазақ қылғандығы үшін!»,- деп сөзін қорытындылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары