Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ сұғып алған. Райымбек Медетбек пен куәгерлер жедел әрекет етіп, күш көрсетушіні тоқтатқан. Осылайша Райымбек Медетбек әйелдің өмірін сақтап қалды.
23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ол Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.
"Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті", – деп хабарлайды Алматы әкімі.