$ 494.87  520.65  4.91

«Қант көтер де, ұтып ал»: Тапшылық тойлардың трендіне айналды

Желіде таралған кезекті видеолардың бірінде 25 келі қантты мойнына салып, түрлі жаттығу жасаған әйелді байқауға болады.

Той қонақтарына бір қап қант сыйлау трендке айналды. Әлеуметтік желіде тойға жиналған халыққа бағалы сыйлықтың орнына қант бергенін растайтын видеолар тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Желіде таралған кезекті видеолардың бірінде 25 келі қантты мойнына салып, түрлі жаттығу жасаған әйелді байқауға болады. Қымбатшылықты жақсы пайдаланған асаба мен той иесі басты сыйлықтардың бірі ретінде бір қап қантты ойнатқан. 

Соңғы кезде қант бағасының шарықтап кеткені белгілі. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында қымбаттаған қант пен пияз бағасын реттеуді тапсырды. 

АШМ мәліметінше, соңғы айда баға орта есеппен 11,9%-ға өсті. Бір айда Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында бағаның ең жоғары өсуі тіркелген.

Еліміздің кейбір аймақтарында қант бағасы 900 теңгеге дейін көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #қант #тренд