$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда шаруалар мал азығын таппай әлек

Шөптің қымбаттығынан мал ұстау қиындап барады.

Шығыс Қазақстан облысында шөп бағасы тым қымбат. Төрт түлік ұстағандарға мал азығын тауып беру, жылдан-жылға қиындап барады. Соңғы жылдары облыстың кей аудандарында шөп шықпай, шабындық жерлер тақырланып кеткен. Салдарынан, шаруалар, жем-шөпті өзге өңірлерден сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мал азығын тауып беру шаруаларға ғана емес, қарапайым тұрғындар үшін де машақатқа айналған. Былтыр бір тіркеме шөптің құны 100 мың теңгеге дейін сатылса, биылғы баға әлі нақтыланбаған. Осыған байланысты тұтынушылар, бағаны бақылайтын арнайы орган қызметкерлерінен қайыр жоқ екендігін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары