$ 494.87  520.65  4.91

Атышулы «Бесобаның» орнына салынған үйдің тұрғындары тағы да наразы

«Бесобаның» орнына жаңадан тұрғызылған «Шапағат» көпқабатты үй кешенінің тұрғындары тағы да наразы. Соңғы күндері жауыннан пайда болған сумен алысқан тұрғындар әкімшіліктің қолдауымен салынған үйлерге көңілдері томауда, деп хабардайды 31 телеарна.

Жауыннан әбден мезі болған жұрттың сөзінше, үстіңгі қабаттан төменге аққан су пәтер ішіне кіріп, жертөлеге дейін жеткен. Ал бұдан дымқыл болған қабырғалардағы электр желілеріне, тіпті, жақындауға қорқамыз дейді тұрғындар.

«Құрылысы жаңа біткен үйдің тұрғындары не ауыз суға, не жарыққа жарымай отырған көрінеді. Электр энергиясы 3-4 күнге ажыратылыпты. Бұдан өзге, бірінші жауынға да шыдамаған тұрғын үй ауласының жағдайы көңіл көншітпейді. Ал әкімдіктегілер құрылысты сапасыз жүргізген мердігер компаниядан жұмысын аяқтамай тастап кеткені үшін сот арқылы айыппұл өндіріп алатынын жеткізді», делінген телеарна сюжетінде.

Әкімдік өкілдері шатыр төбесі мен жертөледегі судың тазаланғанын айтады. Жерастына жиналған су да арнайы құрылғылармен сорылып алынбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары