Қазақстандық актриса Әсел Асқар бірнеше елде жылжымайтын мүлкі барын айтып, мақтанды. Блогердің айтуынша, ол БАӘ мен Ресейден де баспана алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Instagram желісіндегі оқырмандарының бірі Әсел Асқардан оның анасымен бірге тұрып жатқанын атап өтіп, жеке пәтері бар-жоғын сұраған.
"Иә, менің жылжымайтын мүлкім көп. Аланияда екі бөлмелі, Ыстамбұлда бір бөлмелі пәтер, Нұр-Сұлтанда екі пәтерім, Алматыда үш пәтерім бар. Жақында Дубайдан сатып аламыз. Ал қыста Мәскеуден. Алдағы уақытта Испаниядан 150 шаршы метрлік баспана алғым келіп жүр. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мен ол туралы көп айта бермеймін. Анаммен қарапайым өмір сүріп жатырмыз. Туыстарым да білмейді. Күйеуім де білмейді. Қазір оқып, шошып кететін шығар", - деп жазды Әсел Асқар.