$ 494.87  520.65  4.91

«Көрші баланы ағаштан түсіріп алған»: Қостанайда жоғалған қызға қатысты тың ақпарат пайда болды

Іздеу жұмыстарына тікұшақ пен ұшақ та жұмылдырылды.

Полицияға жоғалған баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабар түскен, деп хабарлайды Экспресс К.

Алқап қоршауға алынып, дрон ұшылған.

Облыстық ПД баспасөз қызметі шолу жұмысы жүргізіліп жатқан аумақ 50 гектарды құрайтынын айтты.

"Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын баса айта кетелік. Тобыл өзенінің екі шақырымнан астам арнасы зерттелді. Іздеу жұмыстарына тікұшақ пен ұшақ та жұмылдырылды. Атты кавалерия да өз үлесін қосуда. Қызметтік-іздестіру иттері де қолданылуда", — деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері бала жоғалғаннан бастап хронологияны минут сайын жаңғыртып отыр.

Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Қайрат Бисембин қыздың таңғы жетіде ас үйдің екінші қабатының терезесінен шығып, газ құбыры көмегімен күнқағарға түсіп, күнқағардан ағашқа мінгенін айтты.

Осы уақытта ауладағы шуға елеңдеп, есік алдына шыққан көрші баланы ағаштан түсіріп алған. Ер адам баланы көтеріп алып, пәтеріне апарады. Ол есікті қағып тұрғанда қыз бала сытылып шығып, көшеге қарай жүгіре жөнелген.

08: 04 — бала бейнебақылау камерасына түскен және оны ауыл тұрғыны көрген. Содан кейін қыз Қостанай-Веденка тас жолына қарай жүгірген.

08:06 — тағы бір куәгер қызды орталық көшеден көрген.

08:24 — баланы ауылға қарай келе жатқан тракторшы көреді.

08: 30 — қызды ауылға қарай келе жатқан велосипедші көреді.

Қазіргі уақытта іздеу шаралары қыз жоғалған орыннан 9 шақырымда орналасқан көрші Алтын дала ауылында жүргізіліп жатыр. Жақында қызды жүгері алқабынан көргендер бары туралы ақпарат пайда болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары