09.08.2022, 12:00

35 адам жұқтырып үлгерген: Қытайдан тағы бір қауіпті вирус шықты

Ауру симптомдарына қызу көтерілуі, әлсіздік, құсу және жөтел жатады.

Қытайда «Ланъя» генипавирусы деген жаңа вирус анықталды. Ғалымдар вирусты жануарлардан шыққан деп санайды. Қазірдің өзінде 35 адам жұқтырған.

Ауру симптомдарына қызу көтерілуі, әлсіздік, құсу және жөтел жатады. Вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігі әлі анықталмаған. 

Зерттеушілер әзірге вирусты ауыр өткізген не қайтыс болған адамды тіркемеді.

Вирус Шаньдун мен Қытайдың Хэнань провинциясынан анықталған.

Дереккөз: nege.kz

Тегтер: вирус Қытай