$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ үкіметі Қазақстан аумағында тұрған Airbus A319-100 ұшағына санкция салды

Ұшақ ресейлік олигарх Андрей Скочқа тиесілі.

АҚШ-тың Федералды прокуратурасы Қазақстанда наурыз айынан бері тұрған жеке ұшақты қамауға алуға ордер берді. Әуе кемесі Мемлекеттік думаның депутаты және ресейлік олигарх Андрей Скочпен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

АҚШ-тың Ресей мемлекеттік думасының депутаты Андрей Скочқа қарсы санкциясы алғаш рет 2018 жылы енгізілді. Енді оның Airbus A319-100 ұшағын қамауға алмақшы. Әуе кемесі шамамен осы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан аумағында тұр. Украинада соғыс басталғаннан кейін шенеунікке қосымша санкция салынды. Сонымен қатар АҚШ Скочтың 98 метрлік яхтасы мен тікұшағын тартып алғысы келетінін тұспалдады.

АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, Андрей Скочтың ұшағын қамауға алуға рұқсат берілген.

"Америка Құрама Штаттары санкция енгізген ресейлік олигарх Андрей Скочке тиесілі Airbus A319-100 (Airbus) ұшағын қамауға алуға рұқсат алды", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары