$ 494.87  520.65  4.91

«ҚазТрансГаз Аймақ» тарифті заңсыз қымбаттату арқылы 2,3 млрд теңге пайда тапқан

Компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Компания жоғары тарифті қолдану арқылы 2020-2021 жылдары 2,3 млрд теңге заңсыз пайда тапқан. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екендігі анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалы газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған.

Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф арзандатылды.

Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалында газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді», - делінген ресми хабарламада.

Қызылорда облысында 1 тамыздан бастап газ тарифі 21 пайызға арзандатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары