$ 494.87  520.65  4.91

Президент Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

Премьер-Министрдің айтуынша, осы аралықта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 3,2 пайызды құраған.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндалды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы аралықта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 3,2 пайызды құраған. Тауарлар өндірісі 3,3 пайызға, көрсетілген қызметтер 2,4 пайызға артқан.

«Құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ көлік және байланыс салаларында айтарлықтай өсім бар», – дейді ол.

Премьер-Министр Президентке Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шараларына қатысты мәлімет берді.

Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын орындап келеді.

Премьер-Министр инфляция деңгейін төмендету, экономиканы демонополизациялау, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Әлихан Смайылов құны 22,2 триллион теңге болатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Үкімет басшысы Президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.

Президент құрылымдық реформалар мен экономиканы демонополизациялауды жалғастырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажет екенін айтты.

Сондай-ақ халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары