Жаңалықтар 09.08.2022 сағат 20:21

Астана тұрғыны оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алды

Алайда, ол бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын алға тартып, марапаттан бас тартыпты.
Астана тұрғыны оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордалық Талғат Әбдіханұлы 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«31 шілдеде сағат 20:50-де құтқару қызметіне жедел жәрдемнен қоңырау түсті. Онда Қабанбай батыр даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан үйдің 10-қабатынан бала құлағаны айтылған. Биіктен құлаған бала 2017 жылы туған. Оны сол үйде тұратын 1988 жылғы азамат жолай өтіп бара жатып кездейсоқ көріп, дереу баланы қағып алуға тырысқан. Ол осылайша баланы жерге қатты соғылудан сақтап қалды. Дегенмен бүлдіршін қазір №2 аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», – делінген хабарламада.

Департамент өкілдері баланы құтқарып қалған Талғат Әбдіханұлын марапаттауды жөн көріп, оған хабарласқан.

Алайда, ол бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын алға тартып, марапаттан бас тартыпты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар