$ 494.87  520.65  4.91

12 жастағы қыз арқанды тісімен кеміріп, маньяктан қашып құтылған

Ер адамның үйін тінту барысында екі мәйіт табылған. Оған кісі өлтіру, адам ұрлау және адам мәйітінің қалдықтарын қорлау айыптары тағылды.

Американың Алабама штатында 12 жасар қызды кепілге алып, қашып кеткен балалар ұрлықшысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

12 жасар қыз өзін алкоголь беріп мас қылып, орындыққа арқанмен байлап, бір апта бойы тұтқында ұстаған ұрлықшыдан қашып құтылған. 

Басылымның мәліметінше, өзін босату үшін қыз арқанды тісімен кемірген. Оны автомобиль жолдарының бірінде көлік жүргізушісі тауып, полицияға тапсырған. Келесі күні оны ұрлап кеткен ер адам қамауға алынды. Оның 37 жастағы Хосе Паулино Паскуал-Рейес екені анықталды. 

Ер адамның үйін тінту барысында екі мәйіт табылған. Оған кісі өлтіру, адам ұрлау және адам мәйітінің қалдықтарын қорлау айыптары тағылды.

37 жастағы Хосе Паулино Паскуал-Рейес бірінші деңгейлі адам ұрлау қылмысын жасады деп айыпталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#маньяк