$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында әскери қызметші қаза болған жерден суреттер жарияланды

Еске салайық, Алматы облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болғаны хабарланған болатын.

Алматы облысында Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі қаза тапқан жерден суреттер мен видео жарияланды, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі мәліметінше, 9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты жел соғып, дауыл тұрған. Нәтижесінде шатырлар қираған.

Баспасөз қызметі дауыл салдары түсірілген кадрларды ұсынды.

Еске салайық, Алматы облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болғаны хабарланған болатын. 9 тамызда қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп, басына шатырдың темір жақтауы тиіп жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілгенде қаза болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары