$ 447.4  477.55  4.76

Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды

Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды.

Танымал қазақ шахматшысы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ақпарат «Спорт Шрёдингера» Telegram-каналында жарияланды.

Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды.

Әйелдер құрамасы:

Жансая Әбдімәлік (22 жаста) — бірінші тақта, 3-орын;

Бибісара Асаубаева (18 жаста) — екінші тақта, 4-орын;

Ксения Балабаева (17 жаста) — үшінші тақта, 16-орын;

Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) — төртінші тақта, 11-орын;

Назерке Нұрғали (18 жаста) — бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.

Ерлер құрамасы:

Ринат Жұмабаев (33 жаста) — бірінші тақта, топ-20-ға кіре алмады;

Әлішер Сүлейменов (22 жаста) — екінші тақта, 13-орын;

Мұртас Қажығалеев (49 жаста) — үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады;

Арыстанбек Оразаев (24 жаста) — төртінші тақта, 18-орын;

Қазыбек Нөгербек (18 жаста) — бесінші тақта, 19-орын.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР әйелдер құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс).

Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз – орта жастағы ең жас командалардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары