$ 494.87  520.65  4.91

«Бес жасар Мәдина Ерланқызын жерлеу рәсіміне көмектесеміз» – Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі баланы жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасына материалдық көмек көрсетуге тапсырма бергенін айтты.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram желісі арқылы қаза болған бес жасар қыздың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін қайғылы жайт. Біз бәріміз баланы аман-есен таба аламыз деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, ойлағанымыз болмады. Еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, облыс тұрғындарына іздеу жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және материалдық көмек көрсетуге тапсырма бердім", - деді аймақ басшысы.  

Еске сала кетейік, аутизм диагнозы қойылған Мәдина Ерланқызының денесі 10 тамыз күні ауыл шетіндегі жасанды су қоймасынан табылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары