$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде түн ортасында баласын ұмытып кеткен ана табылды

Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының тұрғыны көшедегі орындықтан бес айлық баланы тауып алды. Оны анасы ұмытып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін түнгі сағат 1:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы 3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын хабарласып, бес айлық бала көтеріп әкелген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны тұрғын қаладағы 8-наурыз көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тауып алған. Бала орындықта жылап жатқан. 

«Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, сәбиді «Үміт» балалар үйіне орналастырды. Арада бір сағатқа жуық уақыт өткен соң полицияға 1997 жылы туған анасы телефон шалып, баласының жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тіркеп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ. Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бала қазір «Үміт» балалар үйінде. Баланы анасына қайта беру, бермеу мәселесін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия шешеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары