Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғанын хабарлады.
Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады.
«Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенетін болады, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді»,— делінген хабарламада.
Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуы тексерілмек.