Мешіттің күмбезінің биіктігі 90 метр, мұнаралары 130 метр болады. Сыйымдылығы 30 000 адамды қамтиды.
Құрылысы 2019 жылы басталған мешіт жергілікті кәсіпкерлердің күш біріктіріп асарлату әдісімен (жолымен) салынған.
БАҚ мәліметтеріне сәйкес, ашылу салтанатына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Сонымен қатар экс-премьер Асқар Мамин мен Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов та келген.