Елордада дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласының Бас мешітінің ашылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желі арқылы қолданушылар ашылу салтанатына бұрынғы шенеуніктер келгенін жазып жатыр. Нұр.кз ақпарат көзі таратқан фотосуреттерден Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовты, экс-премьер-министр Асқар Маминді, бұрынғы депутат Қуаныш Сұлтановты көруге болады.
Айта кетсек бұған дейін Бас мешіттің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлаған болатын. Оның хабарлауынша, мешіттің ашылуына Басты мешіттің ашылуына қауымдастық, дипломатиялық корпус мен қоғам, БАҚ өкілдері қатысады.
Бүгінде мешіттің ашылуында жүрген экс-шенеуніктердің біразы Қаңтар оқиғаларынан кейін саяси сахнадан көрінбей кеткен болатын. Оның ішінде Асқан Мамин премьерліктен түскең соң ел алдына шықпай кеткен еді.