$ 473.15  515.12  5.4

Миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды.

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.

"Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 миллион 94 мың гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың гектар жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр", - делінген хабарламада.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 миллион гектар жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың гектар, жайылым жер – 6,86 миллион гектар.

9 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны айтылды.

"Жоғарыда аталған шараларды ескере отырып, жыл аяғына дейін пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің кем дегенде 5 миллион гектарын мемлекетке қайтару көзделген", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары