12.08.2022, 15:20

Балабақшаға апаруды ұмытқан – Әкесі бір жасар егіз балаларын өз көлігінде өлтіріп алды

Бір жасар Луна мен Феникстің әкесі Хуан Нью-Йоркке жұмысқа барар сапарында егіз қызы мен ұлын балабақшаға апаруды ұмытып, оларды көлігінің ішінде қалдырған. Салдарынан адам төзгісіз ыстық температурадан екі егіз де қаза тапқан.

АҚШ-та әкесі жұмысқа барарда балабақшаға апаруы керек болған егіз балаларын ыстық көліктің ішінде ұмытып, қалдырып кеткен. Қатты ыстықтан екі егіз де қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап.

Балалардың анасы Марисса Кваттроне Родригес осындай жағдайлардың алдын алу үшін АҚШ-та көліктердің ішіне қозғалтқыш өшірілгеннен кейін ішінде біреудің бар-жоғын анықтайтын дабыл технологиясымен жабдықталуын талап етті.

Бір жасар Луна мен Феникстің әкесі Хуан Нью-Йоркке жұмысқа барар сапарында егіз қызы мен ұлын балабақшаға апаруды ұмытып, оларды көлігінің ішінде қалдырған. Салдарынан адам төзгісіз ыстық температурадан екі егіз де қаза тапты. Бұл жағдай 2019 жылдың шілдесінде орын алған. 

“Мен Хуанның дірілдеген дауысын естіп тұрсам да, бұл жаңалыққа сене алмадым. Тіпті сенгім де келмеді”,- деді Мариса.

Сол күні Хуан Марисаға жұмыстары тығыз болғандықтан балаларды балабақшадан алуды сұраған. Бұған дейін де олар балаларға кезекпен баратын. 

“Маған хуан қоңырау шалып балаларды алуымды сұрады. Мен жарайды дедім. Кейін біршама уақыттан соң ол маған бірнеше рет қоңырау шалыпты. Мен жұмыстарыммен жүріп мән бермедім. Бір қарасам хабарлама жазыпты. Кейін бір жағдайдың болғанын сездім. Себебі ол маған бұлай көп қоңырау шалып, хабарлама жазбайтын. Онымен телефон арқылы сөйлескенімде “құдайым ау, махаббаттарым, жандарым, Мариса мен балаларымызды өлтірдім” деген Хуанның жылаған дауысынан соң мүлде сенгім келмеді. Мен тек жоқ бұл өтірік дей беріппін”,- деді Мариса.

Хуан ауысымнан кейін өзінің Honda седанын көлігінің артқы айнасына қараған кезде ғана сол күні балаларды балабақшаға апармағанын түсінген.

Мариса жағдайды ести салысымен Хуанның жұмысына қарай жүгірген. Келген сәтінде оқиға орны полиция лентасымен қоршалып, онда Мариса өткізбеген. Хуанды полейцейлер алып бара жатқан жерден жедел-жәрдем көлігі де өткен. Мариса оны көріп тіптен шошыған.

“Мен тек балаларымның сол көлікте бар ма екенін сұрай бердім. Мен бұндай оқиғаның біздің басымыздан өтетініне сене алмадым. Сонда да ішімде бір үміт тұрды. Алайда сол сәттен бастап бәрі бітті деп ойладым. Менің армандарым, балаларымның бауырларымен бірге өсіп жетілгенін қалауым, бәрі-бәрі көзден ғайып болды. Тіпті өмір сүруімнің мәні қалмағандай болып, өз-өзіммен біраз күрестім. Жалғыз сүйенерім мен жұбанымшым алты жасар ұлым болды. Ол болмаса тіпті қандай күйде болатынымды елестете де алмаймын”,- деп қосты Мариса.

Мариса мен Хуан бүгінде басқа балалары үшін жақсы өмір салтын қалыптастыруға тырысуда. Алайда олардың бұрынғы қарым-қатынастары айтарлықтай өзгерген.

“Мен оған қысым жасамауға тырысамын. Мен үшін әрқашан да батыр болып қалатынын айтып келемін. 

Біз Хуан екеуміз егіздер үшін бірге қайғырамыз. Мен көбіне біздің жақсы естеліктерімізді, олардың тәтті қылықтары мен суреттерін қараймын. Менің есімде оларға айтып берген әнім қалды. Бұл ән маған олардың шексіз сезімдерін мәңгі сезінуге көмектесетіндей. Қазір Хуан екеуміз де олардың жоқ екенін ойламауға тырысамыз. Мен қазір балаларыма көбірек көңіл бөлуге тырысамын”,- деді Мариса.

Марисаның айтуынша Хуан істі мойындағаннан соң түрмеден қашып кеткен. Ал судья бұл істі абайсызда болған жағдай ретінде қорытқан. 

“Мен айналамдағы адамдардың бәріне ашулы едім. Хуанды қолдамағынды да мойындаймын. Оны түрмеден шығарған кезде ол өзіне қол жұмсамас үшін мені қарауыл етіп тағайындады. Бірақ әртүрлі жағдайлардан соң менің кетуіме тура келді. Мен үйге келгенде ауыр естеліктерді ұмыту үшін төрт жасар баламды алдым да саяхаттауға кеттім”,- деп қосты Мариса.

Мариса адвокатының ұсынысымен “Дәрігер Филл” шоу бағдарламасына шыққан. Ол Егер АҚШ-та көліктерге байланысты жаңа заң қабылданса біраз дүниенің өзгеретініне сенімді екенін жеткізді.