$ 494.87  520.65  4.91

Ел тұрғындарының 93 пайызы тозығы жеткен көлік мініп жүр

Жеңіл автокөліктердің 7 пайызға жуығы ғана жаңа.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

 Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 95 801 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% аз.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 млн 907 мың 200 автомобиль тіркелген.

 Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%,  деп хабарлады Ұлттық статистика агенттігі.

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен жүреді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары