$ 449.58  486.94  4.86

«Тұлпар-Тальго» басшыларынан ақша талап еткендер ұсталды

Ресми мәліметке сәйкес, парамен ұсталған басшылар "Экспресс" филиалында жұмыс істеген. Екеуі өзіне қарасты учаске арқылы өткен "Тұлпар-Тальго" пойыздарын тексермегені үшін ақша талап еткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасары заңсыз ақша жинағаны үшін жұмыстан қуылды. Оған қоса, ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, парамен ұсталған басшылар "Экспресс" филиалында жұмыс істеген. Екеуі өзіне қарасты учаске арқылы өткен "Тұлпар-Тальго" пойыздарын тексермегені үшін ақша талап еткен.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті заңбұзушылықты видеоға түсіріп алған. Онда пойыз басшыларының ақша беріп жатқаны көрінеді. Біреуі қолма-қол берсе, енді біреуі үстелдің үстінде тұрған заттардың астына тығып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

"Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге тиіс ", - дейді агенттік мамандары.

Ал "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамына қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары